USD
USD
USD

Елімізде 30 жыл ішінде 987 мың қандас азаматтық алды

  Соңғы 30 жылда 1 млн 90 мыңдай қандастың 987 мыңы ел азаматтығын қабылдады.

Елімізде 30 жыл ішінде 987 мың қандас азаматтық алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал жыл басынан олардың саны 16 мың 900-ден асты. Басым бөлігі Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолия мен Ресейден келген. Ішкі істер министрлігі этникалық қазақтарға азаматтық беру тәртібін жеңілдету шараларын жалғастырып келеді. Мәселен, қазіргі уақытта атамекеніне қоныс аударушылар 1320 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем қабілеттігін растамайды. Сондай-ақ өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Лесбек Айдашев, ІІМ көші-қон қызметі комитеті басқармасының аға инспекторы: – Қазір барлық 3 кезең бір уақытта қызмет көрсетіліп, жалпы азаматтық алу мерзімін қарау 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды. Қазіргі уақытта осы мысал бойынша мүдделі органдармен бірлесіп бекітілген Жол картасы негізінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қандас куәлігін беруден бастап азаматтыққа қабылдауға дейінгі «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай алгоритм енгізілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан