USD
USD
USD

Елімізде 1 млн астам адам 42 500 теңге алуға өтінім берген

20 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 55 мың өтініш қабылданды.

Елімізде 1 млн астам адам 42 500 теңге алуға өтінім берген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. Төлем 880 мың адамға тағайындалды

1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде:

– 688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-бот арқылы;

– 50,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 44,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстар арқылы өтініш берген.

Оның ішінде:

– 688,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 15,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 350,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті. Қордан 880 мың адамға төлем тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантин енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы