Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады

"СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенінің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 процентін қамтуға жеткілікті.

Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар аумақтардағы денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 мың 900 дозаға тапсырыс берді. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады. Әдеттегі мерзімген 2 апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді", - деді.

Сонымен қатар ол тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын айтып өтті. Екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.