2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Еліміз COVID-19 таралу қаупімен күрес жөніндегі келісімге қосылды

Қазақстан Азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын-алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылды, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметі.

Еліміз COVID-19 таралу қаупімен күрес жөніндегі келісімге қосылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Жаһандық мәселелермен жұмыс жасау кезінде осы шараларды талқылау үшін құрылған ұйымдардаң жұмысына қатысу өте маңызды. Осы ұйымға қосыла отырып, Қазақстан жаһандық шараларға қатысып, өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар оның қосқан үлесі инфекцияның таралу қаупін мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтап қалуын қамтамасыз етуден де ұтады», - деп санайды «Қазақстанның авиациялық әкімшіліг» АҚ бас директоры Питер Гриффитс.
Ведомствода атап өткендей, бірқатар уақыттан бері ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ИКАО және ДДCҰ сарапшыларымен әуе көлігі арқылы аурудың таралу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.
«Нәтижесінде, Қазақстанға аурудың таралу қаупіне қарсы күрес үшін ИКАО мен ДДСҰ құрған ерікті халықаралық орган - CAPSCA-ға қосылу ұсынылды. Бұл авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру үшін елдің авиациялық билік орындары жүргізетін қызметтің аз ғана бөлігі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Халықаралық Ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында қол жеткізген жетістіктерді мойындады», - деді ААК-нен.
АКК хабарлағандай, бүгінгі таңда CAPSCA мамандары азаматтық авиацияның жолаушылар тасымалын қалпына келтіру және COVID-19 таралуы жағдайында әуе кемелері экипаждарының ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету шараларын талқылауда.
«Ұшуларды үздіксіз орындауды қолдау бойынша CAPSCA кеңесі тұрақты түрде он-лайн режимінде азаматтық авиацияда мүдделі тараптармен ДДСҰ-мен, қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен және ИКАО үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта өткізеді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы форумдарға қатысу үшін медициналық қызметкерлерінің бірін және жедел сарапшыны тағайындады», - делінген хабарда.
CAPSCA - азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау іс-шараларын басқару құқығымен 2006 жылы SARS-тің өршуіне байланысты дағдарыстан кейін ИКАО-мен құрылған жоба.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов