USD
USD
USD

Еліміз бойынша 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 1 қазанға арналған синоптикалық жағдайдың болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміз бойынша 1 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталық аймақтарында жаңбыр жауады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық өңірлерінде әлі де жаңбырдың жаууына ықпал ететін төмен қысымды өрістер мен атмосфералық фронттар жүреді, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыз бойынша тұман тіркеліп, оңтүстік-шығыс, күндіз орталық өңірде екпінді жел тұрады деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда өңірінің орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында өрт қаупті сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала