USD
USD
USD

Еліміз бойынша 11 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміздегі 2023 жылғы 11 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды

Еліміз бойынша 11 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE."Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан Республикасының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар)  түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман түседі деп болжанды.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады 9-14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +7+9°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция