USD
USD
USD

Еліміз бидай өндірісінен шығын шегуі мүмкін

БҰҰ даму бағдарламасы аясында 2050 жылға дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне болжам жасалды. Құжатта климаттың өзгеруіне байланысты 2030 жылға қарай біздің ел бидай өндірісінен экономикалық шығын шегуі мүмкін екені жазылды.

Еліміз бидай өндірісінен шығын шегуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Есептеулер көрсеткендей, 2030 жылға қарай күтілетін климат жағдайында жаздық бидайдың шығымдылығы Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында орта есеппен 63-87% құрайды. Ал 2050 жылға қарай 51-80% шамасында болады. Бұл бидай өнімділігі 2030 жылға қарай 13-37%-ға төмендейді деген сөз. Қазақстан бидай өндірісі бойынша әлемде 9-шы, экспорты бойынша 7-орында тұрғанын және Орталық Азиядағы жалғыз экспорттаушы ел екенін ескерсек, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларының болмауы бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бидай өнімділігінің азаюына 2050 жылға дейін вегетациялық кезеңнің ылғалмен қамтамасыз етілуінің 8-17%-ға төмендеуі, жылу ресурстарының 12-16%-ға артуы, гидротермиялық коэффициент мәнінің 7-15%-ға қысқаруы, құрғақшылық пен аңызақ желдің күшейуі, қолданыстағы агротехниканың ескіруі, өнім өндірудің, сақтаудың озық технологиясының болмауы, шаруа қожалықтарының дара дақылды егістерді қолдануы негізгі себеп болады», – деп нақтыланды БҰҰ даму бағдарламасында.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.