USD
USD
USD

Елік атқан браконьер сотталды

Шығыс Қазақстан облысында елік атқан броконьер сотталды.

Елік атқан браконьер сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында елік атқан ер адамның сот үкімімен бір жарым жылға бас бостандығы шектеліп, пробация есебіне алынды.

Елік атқан браконьер мемлекетке 2 500 000 теңгеге жуық материалдық залал келтірді. Сот барысында ол өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізген.

«Енді алдағы бір жарым жылда ол пробация қызметінің бақылауында болады. Пробация қызметкерлері жазасын өтеушімен тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізеді. Егер ол заң талаптарына бағынбай, бақылаудан жасырынатын болса жазасы қатаңдатылып, түрмеге қамалуы әбден мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты