USD
USD
USD

Елге діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз әкелген шетелдіктерге айыппұл салынды

Тәжікстан азаматтарына діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз әкелгені үшін 369 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түркістан қаласының әуежайына Әбу-Даби-Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін тексеруден өту кезінде көлік полицейлері Тәжікстан Республикасының 53 және 68 жастағы азаматтарын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында шетелдік азаматтардың әрқайсысынан 6 данадан діни мазмұндағы кітап табылып, тәркіленді. Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады.

Сот қаулысымен шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Дәл осыған ұқсас құқық бұзушылықты Атырау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері де анықтады. Бұл жолы Стамбұл-Атырау бағытындағы әуе рейсінің 45 жастағы жолаушысына да сот қаулысымен 50 АЕК айыппұл салынды. Ер адам 39 діни кітапты заңсыз әкелген. 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов