USD
USD
USD

Елена Рыбакинаның Сан-Хосе турниріндегі қарсыласы анықталды

Уимблдон чемпионы, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаның Сан-Хосе WTA-500 турниріндегі қарсыласы анықталды.

Елена Рыбакинаның Сан-Хосе турниріндегі қарсыласы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ-та 1-7 тамызда хард төсенішінде өтетін жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 12-інші, осы доданың 7-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасады.

Әлемнің 3-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари турнирді екінші айналымнан бастап, америкалық Шелби Роджерс немесе канадалық Бьянка Андреескудің біреуімен кездеседі. Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингте төртінші сатыдағы испаниялық Паула Бадоса екінші раундта америкалық Элисон Риске немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

Алғашқы айналымдағы қызықты матчтар деп мыналарды айтуға болады: Аманда Анисимова (АҚШ) – Эшлин Крюгер (АҚШ, WC); Каролина Плишкова (Чехия, 8) – Кэйти Бултер (Ұлыбритания, WC); Камила Джорджи (Италия) – Гарбинье Мугуруса (Испания, 5); Наоми Осака (Жапония) – Чжэн Циньвэнь (Қытай). Доданың жүлде қоры 757 мың АҚШ долларынан асады. Өткен жылы мұнда америкалық Даниэль Коллинз жеңімпаз атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар