USD
USD
USD

Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей рейтингіде 16-дан 17-орынға сырғыды.

Юлия Путинцева да 43-тен 44-ке жайғасты. Есесіне Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтеріліп, үздік жүздікке жақындап келеді. Өткен аптада жұптық сында ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина бірден 47 саты жоғарылап, қазір 48-орында тұр.

Анна Данилина да 84-тен 81-ге көтерілді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Индиан-Уэллс жарысының финалында жеңіліп қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ұсталды

Пышақ жарақаты