USD
USD
USD

Елена Рыбакина Жапониядағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Токои (Жапония) қаласында басталған WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Елена Рыбакина Жапониядағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші айналымда WTA рейтингінде 22 орында тұрған отандасымыз ресейлік Людмила Самсоновадан жеңілді.

Бұл ойын 1 сағат 27 минут болды. Оның қорытындысы бойынша Самсонова 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді екінші айналымда ресейлік теннисші қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Словенияның Порторож қаласында өткен турнирдің финалына шығып, чехиялық Катерина Синяковадан жеңілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар