USD
USD
USD

Елена Рыбакина US Open турнирінде әлемнің 30-ракеткасынан жеңілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымында ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина US Open турнирінде әлемнің 30-ракеткасынан жеңілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің үшінші айналымында хорватиялық теннисші, әлемнің 30-ракеткасы Сорана Кырстямен кездесті.

Қазақстандық теннисші 3:6, 7:6(8), 4:6 есебімен жеңілді.

Рыбакина үш сағатқа жуық созылған тартысқа толы матч кезінде үш эйс орындап, төрт қос қателік жасады. 13 брейк-пойнттың тек төртеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, АҚШ ашық чемпионаты турнирінде Қазақстанның ешқандай өкілі қалмады. 

Бұған дейін жұптық сындағы теннисшілер Анна Данилина мен Андрей Голубев турнирден шығып қалған еді.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet