USD
USD
USD

Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

 Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын ірі жарыстың 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастады. Е.Рыбакинаға әлемнің 57-ракеткасы, румыниялық Елена Габриэла Рузе қарсы тұрды. Қос теннисшінің бұл өзара алғашқы кездесуі еді. Бірінші партияда қазақстандық спортшы басымдылық танытты – 6:4.

Екінші сетте румыниялық спортшы тағы бір брейк жасағанымен, Е.Рыбакина таразы басын қайта теңестірді. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмам қылды – 7:5. Қазақстандық теннисші 1 сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.

Елена Рыбакина үшінші айналымда қос америкалық, әлемнің 21-ракеткасы Джессика Пегула немесе рейтингте 38-орында тұрған 2017 жылғы US Open турнирінің жеңімпазы Слоан Стивенстің біреуімен шеберлік байқасады. Өткен жылы осы додада Е.Рыбакина үшінші айналымға дейін жеткен еді.  

Қазір оқып жатыр

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.