USD
USD
USD

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалында жеңіліп қалды

  Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді. 

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалында жеңіліп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чехиялық теннисші брейк жасап кеткенімен, Елена сол бойда таразы басын теңестірді – 5:5. Аса тартысты өткен тай-брейкте ол бес сет-пойнтты пайдалана алмады – 6:7 (14:16). Бір сағат 6 минутқа созылған бірінші сеттің өзінде Е.Рыбакина 10 эйс жасап үлгерді.

Екінші сетте П.Квитова брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Осылайша, Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының финалында жеңіліс тапты.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 5 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами финалындағы қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды.

Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза