USD
USD
USD

Елена Рыбакина Бейжің турнирінде Азиада чемпионымен бақ сынасады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакинаның Бейжің (Қытай) WTA 1000 турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елена Рыбакина Бейжің турнирінде Азиада чемпионымен бақ сынасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның маңдайалды теннисшісі бірінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік байқасады.

Ч. Циньвэн Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында теннистен жеңімпаз атанды. Ол 29 қыркүйек күні финалда отандасы, рейтингте өзінен он саты төмен тұрған Чжу Линьді 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Сондықтан 20 жастағы Чжэн Циньвэнь оңай шағылатын жаңғақ емес.

Қытай астанасында 30 қыркүйек – 8 қазан аралығында өтетін ірі додада әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, белоруссиялық Арина Соболенко, Польша өкілі Ига Швентек бастаған әлемнің мықты теннисшілері өнер көрсетеді.

Жарыстың жүлде қоры 8,1 млн АҚШ долларынан асады.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet