USD
USD
USD

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында 2-орынды иеленді

Теннистен Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5-орында тұрған Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында 2-орынды иеленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Беларусь спортшысы Мельбурнде алғаш рет Үлкен Дулыға санатындағы турнирде топ жарды. 

Есеп: 6:4, 3:6, 4:6.  

Осы бәсекеге дейін WTA рейтингінде 25-орында тұрған Елена Рыбакина – Үлкен Дулыға санатындағы екі бәсекенің (Уимблдон мен Аустралия ашық чемпионаты) финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші. Келер аптада ол 8-орынға көтеріледі. Бұған дейін жекелей сында қазақстандық теннисшілер үздік ондыққа кірмеген еді.

Сондай-ақ, қазақстандық ойыншы Аустралияда Үлкен дулыға санатындағы бәсекелердің 3 жеңімпазын (Ига Швентек, Елена Остапенко, Виктория Азаренко) жеңген санаулы теннисшінің бірі. Еленаға дейін мұндай көрсеткішті 2001 жылы Барселона Олимпиадасының чемпионы америкалық Дженифер Каприати тіркеген.

Осыған дейін Елена Рыбакина Аустралия чемпионатының іріктеуінде әуелі Элизабетта Кокчиареттоны, сосын словениялық жас теннисші Кайи Юванды жеңген. Сосын, осы бәсекенің былтырғы финалисі – америкалық Даниэль Коллинз бен әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті ұтты. Ширек финалда латвиялық Елена Остапенкодан, жартылай финалда Виктория Азаренкодан басым түскен.

Айта кетейік, биылғы Australian Open-нің жалпы жүлде қоры 76.5 миллион Аустралия доллары. Жеңімпаз 2,975,000, ал 2-орын алған теннисші 1,625,000 Аустралия долларын алады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси