USD
USD
USD

Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21 ракеткасы Елена Рыбакина "Алтын адам" сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды ҚТФ.

Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елена Рыбакина "Спорттағы жыл серпілісі" аталымы бойынша үздік шықты.

Биыл 23 жастағы спортшы Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдонда топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды.

Аталмыш байқауды "Еуразия жыл адамы" ұйымдастыру комитеті 2000 жылдан бері өткізіп келеді. Түрлі саладағы жыл үздіктеріне "Алтын адам" сыйлықтары тапсырылады. Оны анықтау үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргізіліп, сарапшылар дауыс береді, ұйымдастыру комитеті талдау жасап, қазылар алқасы үздіктерді таңдайды.

Әр жылдары Қазақстанда Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров, Елена Хрусталева, Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Фируза Шәріпова, Қазбек Валиев, Зульфия Габидуллина және басқа спортшылар лауреат атанды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов