USD
USD
USD

Елена Рыбакина Алматыға келе алмайтынын айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Алматыға сапарын кейінге қалдырғанын мәлімдеді.

Елена Рыбакина Алматыға келе алмайтынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Теннисші Уимблдондағы жеңісінен кейін Қазақстанға оралған болатын. Бір күн бұрын Рыбакина Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерімен кездесті. Бірақ Алматыда жоспарланған шаралар өтпейтін болды.

"Құрметті алматылықтар! Бүгін мен Уимблдондағы жеңісіміздің қуанышымен бөлісуге ұшып баруды жоспарлаған едім. Өкінішке қарай, соңғы күндердегі шамадан тыс физикалық шаршау мен эмоционалдық күйзеліс менің жағдайыма әсер етті, үзіліс жасауыма тура келеді. Бұл тамаша қалаға келесі жолы міндетті түрде келемін. Түсініп, қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет!" - деп келтірді Рыбакиннің сөзін Қазақстанның теннис федерациясы.

Қазір оқып жатыр

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

 Air Astana

Партия төрағалары неге қатарынан ауысып жатыр?

Партиялар

Алматыда сел қаупіне байланысты Наурызбай ауданы тұрғындары эвакуациялануда

Сел

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу