USD
USD
USD

Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Елена Рыбакина
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 88-орындағы канадалық, 18 жастағы Виктория Мбоконы қапы қалдырды.

Матч 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.

Бір сағат 25 минутқа созылған бәсекеде Елена 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Мбоко 3 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Френх немесе кортқа жуырда қайта оралған 45 жастағы атақты америкалық Винус Уильямстің қай жеңгенімен таласады.

Жүлде қоры 1,2 млн АҚШ долларына бағаланған Вашингтон турнирі 27 шілдеде аяқталады.

Е.Рыбакина мұның алдында жұптық сында да ширек финалға шыққан еді.

Қазір оқып жатыр

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған