USD
USD
USD

Елена Рыбакина United Cup турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сидней мен Пертте (Австралия) өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірінші ракеткасы испандық теннисші Джессика Бузас Манейромен (54-орын) кездесті. Нәтижесінде Рыбакина екі сетте (6:2, 6:3) сенімді түрде жеңіске жетіп, Қазақстан мен Испания арасындағы матчта есепті теңестірді (1:1).

Бұған дейін Александр Шевченко Пабло Каррено-Бустеге екі сетте (2:6, 1:6) есе жіберген еді.

2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасатын турнирде қазақстандықтар «С» тобына түсіп, Испания және Греция құрамаларымен бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команданың капитаны Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy