USD
USD
USD

Елена Рыбакина тағы бір халықаралық турнирге қатыспайды

Әлемнің төртінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турнирінде кортқа шығудан бас тартты. 

теннис
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Турнир баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болған. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Рыбакина осымен үшінші турнирге қатысудан бас тартып отыр. Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.

Бұған дейін Бейжіңде өтіп жатқан турнирде әлемнің тоғызыншы ракеткасы, грек спортшысы Мария Саккари, әлемнің 10-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз және әлемдік рейтинг көшбасшысы, польяк теннисшісі Ига Швентек өнер көрсете алмайтындарын мәлімдеген. Өткен жылғы финалда Швентек ресейлік теннисші Людмила Самсонованы 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2024 жылдың 16 қыркүйегінде рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлі күнге дейін төртінші орынын сақтап тұр.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер