USD
USD
USD

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Елена Рыбакина
Фото: olympic.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

14 қыркүйекте аяқталған US Open-2026 турнирінің қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасы жарияланды. Қазақстандық теннисші 9 901 ұпаймен бірінші орынға көтеріліп, бұған дейін көш бастап келген Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды.

«Бұл – Елена Рыбакинаның кәсіби мансабындағы әлемдік рейтингте алғаш рет көш бастауы. Нью-Йорктегі бұл жеңіс Рыбакина үшін US Open турниріндегі алғашқы чемпиондық атақ әрі "Үлкен дулыға" жарыстарындағы үшінші жеңісі болды», – делінген ҰОК хабарламасында.

Сонымен қатар Рыбакина Қазақстан тарихында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілген тұңғыш спортшы атанды.

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін-ақ рейтингтегі бірінші орынға көтерілетіні белгілі болды. Кейін ол финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur