USD
USD
USD

Елена Рыбакина отандық теннис тарихында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина "WTA чемпиондар жарысында" екінші орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

теннис
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері қазақстандық 4901 ұпай жинаған. Рыбакинаның ең жақын тұрған ізбасары – 4505 ұпай жинаған "Уимблдон 2024" турнирінің финалисі италиялық Ясмин Паолини.

Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтек 7465 ұпаймен көш бастап тұр."WTA чемпиондар жарысы"– маусымның ең үздік 8 теннисшісі ғана бақ сынайтын жылдың қорытынды турнирі. Биылдан бастап 2026 жылға дейін турнир Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы байқау 2-9 қараша аралығында өтеді. Жүлде қоры рекордтық 15,25 миллион долларға жетіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы