Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті.

теннис
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры айқын басымдықпен бітірді - 6:1.

Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ - 6:4.

Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгерді ойсырата ұтты - 6:3, 6:1.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш

Алматы облысында ит талаған баланың ісі: сотта жануардың иесі айыппен келіспейтінін мәлімдеді

Ит талаған