USD
USD
USD

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде басты қарсыласын ұтып, финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп жазды Sports.kz. 

Рыбакина
Фото: Sports.kz

Алматы, NEGE.Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 8-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолинимен бетпе-бет келді.

Осыған дейін қарсыластар бес мәрте кездесіп, соның үшеуінде Паолини жеңген еді.

Бұл матчтың маңыздылығы сол, Е.Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріне жолдама алуы үшін WTA чемпиондық кестесінде үздік сегіздікке ілігуі қажет. Осыған дейін Ж.Паолини 4 325 ұпаймен жетінші, ресейлік Мирра Андреева (4 320) сегізінші, ал Е.Рыбакина (4 мың ұпай) тоғызыншы орында тұрған еді. Сондықтан соңғы екі жолдама үшін тартыс осы үш теннисшінің арасында болатыны анық-ты.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте тағы екі брейкке қол жеткізді – 6:2.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 10 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Паолини 7 брейк-пойнттан ештеңе шығара алған жоқ.

Елена Рыбакина финалда ресейліктер, әлемнің 10-ракеткасы Екатерина Александрова немесе рейтингіде 19-орындағы Диана Шнайдердің қай жеңгенімен чемпиондық атақ үшін таласады.

Қазақстандық теннисші чемпиондық кестеде ұпай санын 4 130-ға жеткізді. Енді Нинбо додасын табысты аяқтап, алдағы аптада Токио турнирінде сәтті өнер көрсетсе, жылдың қорытынды турниріне жолдама алады.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы