USD
USD
USD

Елена Рыбакина Қатардағы турнирдің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина Доха (Катар) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп жазады Olympic.kz.

Елена Рыбакина
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 57-орында тұрған қытайлық Чжу Линьмен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

2019 жылы Аустралия ашық біріншілігінде қытайлық спортшы 6:2, 6:4 есебімен ұтса, кейін сол жылы қыркүйекте Рыбакина Уханьда (Қытай) қарымта қайырды – 7:5, 2:6, 6:0. Бұл жолы Елена матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:2. Екінші партия да осылай өрбіді – 3:0. Тағы бір брейк – 5:1.

Матчқа доп бергенде де қиналған жоқ – 6:1. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Рыбакина 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Елена Рыбакина жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы америкалық Эмма Наварромен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны