USD
USD
USD

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.

Индиан-Уэллс турнирі
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 38-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен бетпе-бет келді.

Қарсыластар осыған дейін 2023 жылы Уимблдон жарысында кездесіп, онда Рыбакина 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Еленаның қателігін пайдаланған Бултер брейк жасап, сосын өз геймін алып, алға кетті – 5:3. Дегенмен Рыбакина таразы басын теңестірді – 5:5.

Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Бір сағат 16 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Бултер 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен таласады. Ол рейтингіде 21-орындағы даниялық Клара Таусонды жолдан тайдырды - 6:3, 6:0.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте 2023 жылы чемпион атанса, өткен жылы денсаулығына байланысты додадан тыс қалған еді.

Биыл мұндағы жүлде қоры 9 млн АҚШ долларына жуықтайды. Турнир жеңімпазы 1,1 млн астам табыс тауып, 1 мың рейтингілік ұпайға ие болады.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева