USD
USD
USD

Елена Рыбакина Бейжің турнирінде жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады. 

Елена Рыбакина
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 66-орында тұрған германиялық Ева Лиспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда германиялық спортшы 3:1 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестірді – 3:3. Алайда бұдан кейін Лис қатарынан үш геймді алды.

Екінші сетте Елена айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Үшінші, шешуші сетте Лис тағы да 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші алысқа ұзатпады - 2:2. Есеп 3:3 болғанда, Рыбакина брейк жасағанымен, сол бойда өз геймін беріп қойды – 4:4. Содан кейін Лис үшінші матчболын мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 8 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Лис 1 эйс, 7 брейкпен (20 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Елена Рыбакина Бейжіңдегі жарыс жолын аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы