USD
USD
USD

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші кезеңіне шықты. Ол алғашқы айналымда чехиялық Каролина Плишкованы жеңді.

Елене Рыбакина
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы журналист Руслан Меделбек былай деп жазды: «Бірінші сетте есеп 6:6 болып, сет тайбрейкте жалғасты. Рыбакина тайбрейте 3:6 есебімен жеңіліп жатып, 8:6 есебімен жеңісті жұлып алды. Лена бірінші сетте жеңіліп жатса да, паникаға берілмей салқындандылығымен алып кетті.

Бірінші сетте Еленаның подачасы дұрыс өтпеді. Бірақ жүйкенің арқасында бірінші сетті алды. Бірінші сеттегі жеңіс екеуі үшін де маңызды еді. Себебі мынандай тартыстан кейін жеңілген теннисші «сынып» қалады. Сондай болды да.

Екінші сетте Плишкова бірінші сеттегідей қарсылық көрсете алмады. 6:4. Лена екінші сетте жинақы ойнады, подача да, бэкхэндтері де мықты өтті. Соққылары да корт сызығына дөп түсіп жатты. Рыбакина алғашқы айналымда-ақ өте мықты қарсыластан өтті. Бүгінгі жеңіс үлкен сенім сыйлары сөзсіз.

P.S. Халықаралық теннис сарапшылар Рыбакинаны биылғы Australian Open жарысының фавориттерінің бірі санайды»

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.