USD
USD
USD

Елена РЫБАКИНА әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

Қазақстандық тенисші Елена РЫБАКИНА Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) рейтингінде жаңа позицияға көтерілді.

рыбакина
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әйелдер теннисі ассоциациясы жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Sport.kz хабарлады.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық теннисші Ива ШВЕНТЕК сақтап қалды. Екінші орында беларус қызы Арина СОБОЛЕНКО тұр. Ал біздің Елена РЫБАКИНА америкалық Кору ГАУФФТЫ төртінші орынға ысырып, үшінші орынға көтерілді.

Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында Рыбакина Соболенконы жеңген болатын.

Тағы бір теннисші қызымыз Юлия ПУТИНЦЕВА рейтингте 64-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев