USD
USD
USD

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Kazinform.

Рыбакина
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 33-орында тұрған «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін финалисі, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бес рет кездессе, соның үшеуінде тунистік теннисші жеңген еді. Дегенмен 2022 жылы Уимблдон турнирінің финалында қазақстандық теннисшінің ұтып, чемпион атанғаны белгілі.

Бұл жолы Рыбакина матчты сәтті бастап, бірінші партияда қос брейкке қол жеткізді – 6:2. Алайда екінші сетте сол қарқынынан айырылып қалып, Жабер 5:1 есебімен алға кетті. Қазақстандық теннисші есепті тек қысқарта алды – 4:6.

Үшінші, шешуші сетте есеп 3:2 болған мезетте Елена брейк жасағанымен, өз геймін беріп қойды. Сосын есеп 6:5 болғанда, екі матчболын пайдалана алмады – 6:6. Дегенмен тай-брейкте таразы басын аударды – 7:6 (7:4).

Екі сағат 13 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде Рыбакина 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Жабер 1 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын доданың финалына шығу үшін кезінде рейтингіде 4-орынға дейін көтерілген, қазір 157-сатыда тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 37-ракеткасы, 2023 жылғы Уимблдон жеңімпазы, чехиялық Маркета Вондроушованы жолдан тайдырды – 7:5, 6:3.

Е.Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында Б.Бенчичке есе жіберіп, медальдан тыс қалған болатын

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Жарықсыз қалды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

.

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

сәби

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай