USD
USD
USD

Электрсамокаттарға қатысты ереже күшіне енді

Бүгіннен бастап елде самокаттарға қатысты жаңа ереже күшіне енді, деп хабарлайды Хабар-24.

Электрсамокаттарға қатысты ереже күшіне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұдан былай электрлі қозғалтқышы бар көлік түрлерін тізгіндеу үшін міндетті түрде жүргізуші куәлігі болу қажет. Тағы арнайы бас киімді де кию керек. Самокаттар мен мопедтерге жолдың оң жақ бөлігінде, өзге көлік ағынымен қатар жүре алады. Ал тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолында жылдамдықты сағатына 6 км-ден асырмау керек.

Ал түнгі уақытта киімде жарық шағылыстыратын элементтің болуы міндеттеледі. Ережеге бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірден 17 250 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Жыл басынан бері елде осы самокаттардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам көз жұмған. Тағы 14 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

–  Егер 16 жасқа толмаған жасөспірімдер құрал көлігімен меңгерсе, онда оның ата-анасы немесе заңды тұлғасы айыппұл арқалайды.

ҚР Әкімшілік кодексіне байланысты бұл бап бойынша ескерту болмайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс