USD
USD
USD

Электросамокаттарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ҚР Парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіптің сауалына деген жауабында айтты.

Электросамокаттарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, электр самокаттарды пайдалану туралы ереже Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында қаралмақ. 

“Кедендік бақылау аясында техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін электросамокаттардың елге әкелінуін шектеуді енгізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында техникалық регламентке тиісті толықтыруларды көздеу қажет. Осыған байланысты, биылғы 17 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті аясында реттеу үшін электр самокаттарын қосу бойынша ұсыныс енгізілді. Аталған мәселе мүдделі тараптардың қатысуымен ЕЭК алаңында қаралатын болады. Тиісті ұлттық стандарттарды әзірлеу Техникалық регламент жаңарғаннан кейін жүргізіледі", - дейді Скляр.

Бұған қоса, ол электросамокаттарды құқықтық реттеу үшін қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленгенін сөз етті.

"Осы заң жобасы электросамокаттардың жол жүрісіне қатысуын регламенттеу, "шағын электр көлік құралы" ұғымын енгізу, сондай-ақ осы құралдарды басқаратындардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу бөлігінде түзетулерді көздейді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар осы заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын әзірлеуде. Көрсетілген актілерді қабылдау электросамокаттарды пайдалану мәселелерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді", - деп қосты үкімет басшысының орынбасары. 

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева