USD
USD
USD

Электронды темекі саудасына тыйым салынуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекіге толық тыйым салу туралы бастама көтерді, – деп жазды SN.kz.

Электронды темекі саудасына тыйым салынуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Осылайша жасөспірімдердің денсаулығын қорғамақ.

Алматы, NEGE. Жасөспірімдер арасында электронды темекінің танымалдығы никотинге тәуелділікке ерте қалыптасуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына қамқор болатын адамдардың темекіден бас тартқаны дұрыс деп санаймыз, – дейді ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова.

Алайда электронды темекілер жаппай сатылымда болған соң оқушылардың қолына оңай тиеді. Сарапшылар оған тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр.

«21 жасқа толған әрбір азамат өзі үшін шешім қабылдай алады. Ол – оның таңдауы. Егер никотині көбірек шылым тартқысы келмесе, электронды темекіні пайдалансын. Денсаулық министрлігі мәселені осылай шешеміз деп отыр ғой. Бірақ дүкендерде мектеп оқушыларына заңсыз сатылып жатқан вейб сияқтылармен күреспей, керісінше, барлық электрондық темекіге тыйым салуы дұрыс емес», – дейді «Qazpirits» қауымдастығының атқарушы директоры Дмитрий Жуков.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі