USD
USD
USD

Электронды әмиян қолданысқа түседі

2020 жылы салық төлеушінің электронды әмияны енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

Электронды әмиян қолданысқа түседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2020 жылы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында бірқатар іс-шара жүзеге асырылады. Атап айтқанда, салық төлеушінің электронды әмияны, үш компонентті интеграцияланған жүйе енгізіледі. Патентті қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі шектеледі. Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пунктін қайта құру аяқталып, Қытайдан алынатын займмен 10 өткізу пунктін қайта құру басталады. ЕурАзЭҚ аясында тауарларды қадағалау ақпараттық жүйесі енгізіледі. Қытаймен экспорттық декларациялардың мәліметтерімен толық алмасу жүзеге асырылады.

«Осылайша, Қаржы министрлігі салықтық және кедендік әкімшілендіруді барынша тиімді ету үшін кешенді шараларды қабылдауда», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy