USD
USD
USD

Электромобильдерді кез келген жерде қуаттауға тыйым салынады

Бүгін Мәжілісте екінші оқылымда қабылданған заң жобасы бойынша бұдан былай электрқуаттау станцияларын электр желілеріне өз бетінше қосқандар жазаланатын болды.

Электромобиль
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде баяндаған Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Арман Қалықов жария етті.

Сонымен қатар екінші оқылымда депутаттар электр желілеріне өз бетінше қосылғандар үшін жауапкершілік қарастыру туралы түзетулер енгізді. Бұл стандарт азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрақтарында электрқуаттау станцияларын электр желілеріне заңсыз қосу қаупін жою үшін әзірленген.

Бұдан бөлек экологиялық таза көліктерге деген қызығушылық пен сұранысты арттыра түсу үшін заңда оларға деген артықшылықтар да қарастырылған.

Мәселен, заңда электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарға өзге көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Яғни, электр қозғалтқыштарымен жабдықталмаған көліктердің жүргізушілеріне көлігін тұраққа қоюға тыйым салынады.

Бұдан бөлек электромобильдердің иелері көлік тұрағына ақы төлеуден босатылады.

                                                                                                                          Сағадат БАҚЫТБЕК

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.