USD
USD
USD

Электролиз зауытынан өрт шықты

Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытында өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температураның көтерілуі салдарынан түтіндеп, оның соңы өртке айналған.

Электролиз зауытынан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «20 наурызда Қазақстан электролиз зауытының электродтар шығаратын цехының газ тазалау жүйесінде өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температура көтеріліп, оның соңы өртке ұласқан», - деп хабарлады «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ. Бұл туралы өнеркәсіптік компания әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті. «ҚЭЗ» АҚ хабарлауынша, келген өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтады. Барлық қызметкерлер өрт орнынан тез арада эвакуацияланды. «ТБ қызметі жедел жәрдем шақырып, қызметкерлердің денсаулығын тексерді. Жеке құрам арасында оқиға салдарынан улану фактілері анықталған жоқ», - деп толықтырды акционерлік қоғам. Авторы: Антон Гагарин.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері