Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Электр энергиясы қымбаттады

Көкшетауда 1 қазаннан бастап электр энергиясына тариф өсті.

Электр энергиясы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Көкшетау Энерго» ЖШС бұйрығына сәйкес, енді орташа тариф жеке тұлғалар үшін – бір кВт/ч қосылған құн салығын есептемегенде 14,57 теңге, қосылған құн салығын қосқанда – 16,318 теңге, ал заңды тұлғаларға бір кВт/ч қосылған құн салығын есептемегенде – 21,58 теңге, қосылған құн салығын қосқанда – 24,169 теңге болды.

«Көкшетау Энерго» ЖШС баспасөз қызметі атап өткендей, босатылатын тариф «Көкшетау Энерго» ЖШС және «Степногорск Энерго Транзит» ЖШС желісі бойынша электр энергиясын таратуда станция және қызмет көрсету бойынша электр энергиясына тарифтің өсуіне байланысты қымбаттап отыр.

Айталық, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын сатып алудағы орташа баға – 64 тиынға немесе 8,1 пайызға өсті, электр энергиясын тасымалдаудың орташа құны – 1 теңге 41 тиынға немесе 22,3 пайызға ұлғайды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі