USD
USD
USD

Электр бағасы қымбаттауы мүмкін

Қостанай облысында ақпан айынан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін.

Электр бағасы қымбаттауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің мәліметінше, жанар-жағармай мен электр қондырғыларының қымбаттауы салдарынан тариф құны өседі.

«Қостанай энерго орталығы» серіктестігі облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне электр қуатының бағасын өсіру жөнінде тапсырыс берген. «2019 жылдың соңында «Қостанай энерго орталығы» серіктестігінен жарық бағасын өсіру туралы 155 өтінім келіп түсті. Орталық басшылығы ҚР Энергетика министрлігіне электр энергиясы тарифін 7,5% көтеру туралы өтінім жазған. Монополистер бұл өтінімнің негізінде сараптама жүргізді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, электр энергиясының тиімді бағасына қосылған құн салығынсыз 7,2 пайызға өсіп, 18,92 теңгеге дейін төмендетілді. Сонда жеке тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 7 тиынға ғана өсіп отыр. Ал, заңды тұлғалар жарық үшін 23,3 теңге төлейтін болады», – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің басшысы Ақан Ташпанов.

Былтыр заңды тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 23 теңге 81 тиын болған.

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы