USD
USD
USD

Электр жарығынсыз отырған ауылдар бар – Олжас Бектенов

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Атырау облысында елді мекендерді су басып қалу қаупі әлі де сақталып отырғанын және кейбір ауылдардың электр жарығынсыз отырғанын айтып, тиісті ведомство басшылары мен жергілікті әкімдерге нақты тапсырмалар берді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. «Көріп отырғанымыздай, Атырау облысында елді мекендерді су басып қалу қаупі сақталып отыр. Сондықтан тиісті құрылымдар тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруы қажет. Әсіресе, Индербор және Махамбет елді мекендеріндегі жағдайды ерекше бақылауға алу керек. Онда Жайық өзені қауіпті деңгейден асып кетті. Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуға тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек», – деген ол Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар О.Бектенов Ақтөбе облысындағы әлі күнге дейін көлік қатынасынсыз отырған 2 елдімекен тұрғындарының азық-түлік пен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуін мұқият бақылауға алу керектігін ескертті.

«Электр жарығынсыз отырған ауылдар да бар. Жөндеу жұмыстарын тездету керек. Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуі тиіс», – деді О.Бектенов.

Бұдан бөлек келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажеттігін баса айтты.

«Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек», – деді Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

.

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

эвтаназиялау