USD
USD
USD

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әйелдер 48 келі

Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы - қытайлық Ли Ю.

Ерлер 60 келі

Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 келі

Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров.

73 келі

Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.

81 келі

Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесудегы қарсыласы - моңғолиялық Саид Моллаи.

90 келі

Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors