2 Қыркүйек 14:44
...

Елдос Сметовтің үйінің алдына кімнің өтініші бойынша асфальт төселгені белгілі болды

Елдос Сметов
Фото: әлеуметтік желіден

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев дзюдошы Елдос Сметовтың жеңісінен кейін чемпионның үйінің алдына жедел асфальт төселуіне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, Сметовтың ата-анасы чемпионды тәрбиелегені үшін марапатталғаннан кейін, анасы жол салу туралы сұраған.

«Оның әкесі де, анасы да «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алғанын білесіздер. Сол кезде анасы жол салып беруді өтінген. Біз мемлекеттік сатып алу рәсімі жүріп жатқанын, сәл күту керек екенін түсіндірдік. Бірақ біздің кәсіпкерлер демеушілік қаражатпен чемпионымызға жол төсеп берді. Менің ойымша, бұл жерде жаман ештеңе жоқ», - деді әкім журналистердің сауалдарына жауап беру барысында.

Облыс әкімінің сөзінше, негізі ол ауылға асфальт шілде айында төселіп қою керек болған.

«Негізі ол ауылға қазан айында асфальт төсеу жоспарда болған. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік сатып алу процестері оңай емес екенін білесіздер. Екі мердігер соттасып жатыр. Сондықтан асфальт төсеу мәселесі кешігіп келді. Әйтпесе шілде айында ол жолға асфальт төсеп қоюымыз керек еді. Ол жолды мердігерлер өз тарапынан жасап берді. Жалпы жоспарда ол ауылдың алты әлде сегіз жолын жөндеу мәселесі болған. Оған үлгермей жатыр», — деді Ербол Қарашөкеев.