USD
USD
USD

Елдос Сметов жанкүйеріне теледидар сыйлады (видео)

Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған қазақ дзюдошысы Елдос Сметов жанкүйері Сәбит Қалыбековке теледидар сыйлады.

Елдос Сметов жанкүйеріне теледидар сыйлады
Фото: NEGE коллаж

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Елдос Сметовтың финалдық ойынына жанкүйер болып, шынайы тілеулес болған ер адамның видеосы тараған болатын. Көпшілік жанкүйердің теледидары ескі екенін байқаған. Осыдан соң Сметов жанкүйеріне теледидар сыйлауды шешкен. 

Елдосқа дейін де Сәбитке теледидар сыйлағысы келгендер болыпты. Алайда ол ұсыныстардан бас тартқан. 

Актер Біржан Чопбаев Елдостың жанкүйеріне балуанның атынан техника дүкенінен теледидар таңдасып, оны сыйға тартқан видео жариялады. 

Елдос Сметовтің өзі жанкүйеріне видео байланыс арқылы шығып, алғысын жаудырды. 

«Алла разы болсын! Көріп отырып көзіме жас келді. Туған қанына жанкүйер болғандай әсер қалдырдыңыз», – деді Сметов.

Белгілі болғандай Сәбит Қалыбеков Алматы облысы Талғар ауданынының тұрғыны. 

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf