USD
USD
USD

Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатыса ма?

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Іnstagram парақшасына жазба жариялады.

Чемпион
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол 2028-жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді. 

«Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді. Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Барлық марапатымның шыңы.

Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекелге бардық. Дәл осындай қуанышты, дәл осынай арманды барлық спортшының бағындыруына тілектеспін! Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым. Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Келесі төрт жылдықтың басты додасында осы эмоцияны сыйлау үшін бар күшімді саламын», - деп жазды Сметов. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты