USD
USD
USD

Елдос Сметов IJF Judo Awards сыйлығының «Жылдың үздік дзюдошысы» номинациясы бойынша шорт-параққа енді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) "Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы" номинациясы бойынша IJF Judo Awards 2024 шорт-парағын ұсынды.

Елдос Сметов
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Еске сала кетейік, кеңейтілген тізімге Парижде (Франция) өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жеті жеңімпазы енген еді.

Тізім IJF сайты арқылы көрермендердің дауыс беруі негізінде жасалды. Нәтижесінде жеті үміткердің ішінен үш спортшы таңдалды: қазақстандық Елдос Сметов, Хидаят Гейдаров (Әзербайжан) және Лаша Бекаури (Грузия).

Енді бұл номинация бойынша жеңімпазды IJF сарапшылар комиссиясы анықтайтын болады.

Марапаттау рәсімі 1-2 ақпан күндері Парижде (Франция) өтетін Grand Slam турнирі кезінде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Исматулла Мақсұмға қатысты тергеу басталды

Исматулла Мақсұм

«11 адам шабуыл жасаған»: Қызылордада қаза тапқан жігіттің туыстары әділ тергеуді талап етті

Полиция

Жаңа iPhone Duo-ның экраны жарылып жатыр: Apple ақауды мойындады

.

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн