USD
USD
USD

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос Сметов Азиада финалында жапониялық Хаято Кондомен күресті. Тартысты белдесуде жапон спортшысы басым түсті.

Елдос Сметов
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Астана, NEGE. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Таңғы сессияда Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері, Оңтүстік Кореядан келген Ли Ха Римді таза жықты. Осыдан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Моңғолия өкілі Ариунболд Энхтайванды жеңді. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ханчжоу Азиадасының чемпионы, тайпейлік Ян Юнвэйден басым түсті.

Сметов жазғы Азиада тарихындағы ең табысты қазақ дзюдошысы атанды. Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған еді. Ал ерлер арасындағы командалық сайыста күміс иеленген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны