USD
USD
USD

Әскери полигондар жаппай тазартылады

Елдіміздегі полигондар жаппай тазартылады. Оқ-дәрілердің фрагменттерінен арылту үшін оған арнайы техникасы бар инженерлік-саперлік бөлімшелер тартылады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің сайты.

Әскери полигондар жаппай тазартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте әскерлерді тексеру қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылына дайындық бойынша нұсқаулар берілді. «Қорытынды тексерудің аяқталғаны туралы баяндады. Жеке құрамның, әсіресе атыстарды орындау және жауынгерлік машиналарды жүргізуде кәсіби деңгейінің өскені атап өтілді. Тексеру барысында берілген баға жыл қорытындысы бойынша әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру үшін негіз болады, оған сәйкес ақшалай үстемеақы есептеледі. Енді бір ай көлемінде желтоқсанда басталатын жаңа оқу жылына дайындық бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады», деліген хабарламада. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев тәжірибе үшін оқ атудан кейін қалған оқ-дәрілердің фрагменттерін жаппай тазалау жүргізу қажет полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарына назар аударды.

Бұған арнайы техникасы бар штаттық инженерлік-саперлік бөлімшелер тартылады. «Бұдан бөлек, оқ атуға және жүргізуге тартылған оқу-жауынгерлік техникаға регламенттік қызмет көрсетуді жүргізу бойынша міндеттер қойылды. Жаңа оқу жылына ол жеке құраммен сабақ өткізуге дайын болуы керек. Қорғаныс министрі оқу-әдістемелік жиындарды өткізуде барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жабық үй-жайларда адамдардың жиналуына жол бермеуді тапсырды», делінген хабарламада. Әскери бөлімдерде Төтенше жағдайлар министрлігімен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бірлескен тексеру ұйымдастырылды. Ең алдымен маңызды нысандар – қоймалар, арсеналдар, жанармай құю бекеттері тексеріледі. Командирлер аталған тексеруді сапалы жүргізу, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдау міндетін алды.

Қазір оқып жатыр

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

мотокросс

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қазыбек Оспанов

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Жас жігіт

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Ұшақ