USD
USD
USD

Елдімекендерде 15 млн түп ағаш егіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Орман – қазақстандықтардың байлығы», – деді.

Елдімекендерде 15 млн түп ағаш егіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан орман алқабы аз мемлекет. Орман қорына жататын жердің жалпы көлемі 30 млн гектарды құрайды. Еліміздің 11%-ын ғана орман алып жатыр. «2030 жылға қарай елдегі орман алқабы көлемін 5%-ға дейін ұлғайту жоспарланды. Қазір ол 4,8%-ды құрап отыр. 5 жыл ішінде орман алқаптарында 2 млрд және елдімекендерде 15 млн түп ағаш егіледі. Бұл бағытта министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемін анықтады. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта орман алқаптарын көбейту мен орман өсірудің кешенді жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жүріп жатыр», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян