USD
USD
USD

Елден қомақты қаражат шығармақ болған азамат құрықталды

Астанадан декларацияланбаған 100 миллион теңгеден астам қолма-қол ақшаны алып шығуға әрекет жасалды, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Елден қомақты қаражат шығармақ болған азамат құрықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Әуежай Астана" өткізу бекетінде 100 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып шығу фактілерін анықтады. Сондай-ақ тазартылған алтынның 1 құймасын алып шығу әрекетінің жолы кесілді.

Мәселен, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген шаралардың нәтижесінде Астана–Анталия рейсін кедендік бақылаудан өткізу кезінде азамат ұсталды. Ол адамнан жауап алу және багажды тексеру кезінде 118 392 доллар, 28 750 рубль, 92 885 еуро көлемінде декларацияланбаған қолма-қол ақша анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank